Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің жедел басқару кезекші бөлімі жанындағы арнайы қабылдау бөлмесіне, уақытша ұстау изоляторына және әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнына бару жүргізді.
Бару барысында арнайы бөлменің материалдық-техникалық жай-күйі, жеткізілген адамдарды уақытша ұстау жағдайлары, санитариялық талаптарға сәйкестігі, бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуы, қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жеткізілген азаматтарды тіркеу және есепке алу тәртібі зерделенді.
Сонымен қатар, Өкіл Жалағаш ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының қызметімен танысып, күдікті және әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау жағдайларын, камералардың жай-күйін, төсек-орын және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілуін, тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, әртүрлі санаттағы адамдарды бөлек ұстау талаптарының сақталуын, серуендету жағдайларын зерделеді.
Қосымша әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнына бару жүзеге асырылып, онда әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау жағдайлары, олардың құқықтарының сақталуы, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерімен танысты.
Азаматтарды жеткізу және ұстау кезінде олардың конституциялық құқықтарының сақталуына, адвокаттарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, туыстарын хабардар етуге, қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа жол бермеуге, қызметтің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұстау жағдайларын одан әрі жақсартуға және адам құқықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған тиісті ұсынымдар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1170097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау