Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерін анықтау мәселесі қайта қаралды. Қаланың Білім бөлімі және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен үйде оқытуды ұйымдастыруға байланысты нақты шығындарға негізделген есептеулер ұсынылды. Сонымен қатар, үйде оқитын балалардың ата-аналары қосымша негіздемелер мен есептеулер ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша, мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу мөлшерін айқындау жөнінде негізделген шешім әзірлеу мақсатында қажетті оқу, әдістемелік, техникалық және өзге де керек-жарақтарды, сондай-ақ балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін, үйде оқытуды ұйымдастыру үшін талап етілетін қызметтерді ескере отырып, комиссия әзірлеуші органға
ата-аналарымен бірлесіп қажеттіліктер мен шығындар көлемін қайта қарауды ұсынды.
Сондай-ақ, отырыс шеңберінде коммуналдық меншік мүлкін, атап айтқанда, жөндеуі экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай келмейтін «Өскемен-Водоканал», «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі», «Жастар ресурстық орталығы», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы», Өскемен қаласы әкімдігінің «Самғау» мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы» мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміндегі автокөлік құралдарын жекешелендіру мәселесі қаралды.
Тыңдау қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігіне жекешелендіру рәсімін сауда-саттық өткізумен бастау ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1170535?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау