Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қаратау қаласындағы «Әйгерім» бөбекжай-бақшасының «Айналайын» мектепалды тобы тәрбиеленушілеріне 1 наурыз – Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне орай «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және балалардың өмір қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру. Сабақ барысында мамандар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріп, қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін айтты. Мұндай танымдық сабақтар бүлдіршіндердің қауіпсіздік ережелерін ерте жастан меңгеруіне және төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуіне септігін тигізеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1170398?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау