26 ақпан күні сағат 08:00-ден бастап Талдықорған қаласының аумағында құқық қорғау органдарының жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі. Осыған байланысты қала аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының түрлі қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу жауынгерлік жағдайға барынша жақын жағдайда, әртүрлі күрделілік элементтерімен өтеді. Осыған байланысты азаматтарды түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу барысында автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге сабырлылық танытуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1170507?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау