26 ақпанда Алғыс айту күні аясында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ауданның спорт саласы өкілдерінің басын қосқан «Рахмет – Ұстаз» атты дөңгелек үстел-акциясы өтті.
Іс-шараға Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов қатысты. Кездесуге спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, сондай-ақ спорт секцияларының тәрбиеленуші – балалардың ата-аналары қатысты.
Жиын барысында жаттықтырушылар мен спорт ардагерлерінің еңбегінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Олар көптеген жылдар бойы жас ұрпақты тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауданның спорттық дәстүрлерін нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Жас спортшылардың ата-аналары спорт ардагерлері Әлжанов А.К., Башмаков Ф.Г., Әлкешев А., көпжылдық еңбегі, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Ұстаздардың балаларға көрсеткен қолдауы, қамқорлығы және табандылық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі үшін алғыс сөздер айтылды.
«Рахмет – Ұстаз» акциясы спорт пен жас ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған жандарға деген құрметтің айқын көрінісі болды. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамда өзара сыйластық пен ризашылық атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1170514?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау