РКШЖ «Көктем-2026»: еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық пысықталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Елімізде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда. Оқу-жаттығу аясында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарын, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының практикалық іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар өткізілді. Азаматтық қорғау қызметтерінің практикалық іс-қимылдарын пысықтау үшін су тасқыны қаупі жоғары елді мекендерде өңірлік тактикалық-арнайы жаттығулар ұйымдастырылуда.

  Астана қаласында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар 6 ауданында өтті. Аңыз бойынша күннің күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан тұрғын үй алаптары мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын су басу қаупі туындады. Азаматтық қорғау күштері мен құралдары дайындыққа келтіріліп, жедел штаб құрылды, халықты эвакуациялау ұйымдастырылды және зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттерінің жұмысы қамтамасыз етілді. Суды сору және қорғаныш құрылыстарын нығайтуға арналған инженерлік техниканың, жүзу құралдарының және сорғы жабдықтарының дайындығы тексерілді. Жалпы оқу-жаттығуға 104 бірлік техника және 269 адам жұмылдырылды. Әртүрлі ведомстволар арасындағы іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Екінші күні Алматы қаласында су тасқынының алдын алу және олардың салдарын жою іс-шаралары пысықталуда. Шартты төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын су тасқыны аймағында баспанасыз қалған, су тасқыны аймағынан эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау пункттері ашылды. Қабылдау пункттері барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген: жатын орындар ұйымдастырылып, төсек-жабдықтар беріліп, тұрғындарға тамақтану және психологиялық көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Сонымен қатар қаланың өзендерінде алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, атап айтқанда өзен арналарын мұздан және қоқыстан тазалау, сондай-ақ арық жүйесін тазалау арқылы судың еркін өтуін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1170380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version