ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б. Чайзаданың 2026 жылғы 23 ақпандағы №46 бұйрығына сәйкес, Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Дияс Жұмабекұлы Тоқшабаев тағайындалды.
Осыған орай, Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев Дияс Тоқшабаевты арнайы қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады.
Жаңа басшыны департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Әмірханұлы Сейсенов таныстырды.
Кездесу барысында аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтық қорғау саласындағы жұмыстарды күшейту мәселелері сөз болды.
Аудан басшысы жаңа бөлім бастығына жауапты қызметінде табыс тілеп, алдағы уақытта бірлесіп, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Шардара ауданында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1170585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version