ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аудандардың әуеден барлау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағында ШҚО ТЖД, “Қазселденқорғау” ШҚ филиалының, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясының, “Қазгидромет” мамандары қар көшкіні мен гидрологиялық жағдайды зерттеу мақсатында әуеден көзбен шалу жүргізді. Барлау “Өскемен-Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Катонқарағай ауданы – Өскемен” бағыты арқылы жүргізілді.

Зерттелетін аумақ толығымен қармен жабылған. Қар жамылғысының құрылымы тұрақты, жоталар мен беткейлерінде қардың шамалы үрлеу байқалады. Таулы жерлерде қар көшкіні түскені анықталмайды. Бұқтырма өзені мұзбен жабық, аздап шеті ерігені және ортасында ойықтар байқалады.  Гидрологиялық жағдай тұрақты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1170494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version