ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА, ЖҮГЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАРЫ АЛҚАПТАРЫ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
▪️Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артып, 919 мың гектарға жеткізілмек. Оның 536 мың гектары жаздық дақылдарға, 208 мың гектары күздік егіске, 175 мың гектары ескі жоңышқаға тиесілі.
▪️Көктемгі дала жұмыстарының барысы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне дала жұмыстарын сапалы үйлестіруді тапсырып, мәселелер бақылауда екенін айтты.
📌– Ауыл шаруашылығы бойынша бекітілген индикаторлар уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс. Жұмыс жоспары бар, мемлекеттік қолдау бар, енді тірлікті қарқынды атқару керек. Диқандарға берілетін жеңілдіктер мен қолдауларды түсіндіріп, тиісті жұмысты жүргізіңіздер. Қаржы институттары дала жұмыстарына бөлінген қаржыны талапқа сай үйлестіріп, шаруаларды қолдауы керек. Сор шаю жұмыстары уақтылы атқарылсын. Су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарын жоспарға сәйкес мерзімінде жүргізуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев өңірдегі дайындық деңгейі мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
▪️Биыл егіс құрылымын әртараптандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, мақта алқабы 17 мың гектарға ұлғайып, 162 мың гектарды құрайды, жүгері 15 мың гектарға артып, 55,2 мың гектарға жеткізіледі, ал мақсары 16 мың гектарға көбейіп, 85,4 мың гектарға орналастырылады. Су шығынын азайту мақсатында күріш 7 мың гектарға қысқартылса, ауыспалы егіс талаптарына сәйкес бидай көлемі 25 мың гектарға азайтылып, 216,3 мың гектар болады.
▪️Қазіргі таңда облыс бойынша жер жырту жұмыстарының 82 пайызы, сор шаю жұмыстарының 52 пайызы орындалды. Оңтүстік аудандарда ерте пісетін көкөніс пен картоп дақылдарын егу қарқынды жүргізілуде. Жоспарланған 18,2 мың гектар ерте пісетін көкөніс дақылдарының 7 мың гектарына көшет отырғызылды. Бұл шаралар ішкі нарықты ерте маусымда отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
▪️Көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін 52,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Айлар бойынша нақты көлемдер белгіленіп, өңірлік операторлар анықталды. Қазіргі уақытта тиісті министрліктер тарапынан жанармайдың босату бағасы бекітілуде. Баға бекітілгеннен кейін бес күн ішінде шаруаларға жеткізу жұмыстары басталады.
▪️Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін облыс бойынша 203,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Тыңайтқыш жеткізу мақсатында отандық өндірушілермен келісім жасалды. Атап айтқанда, «ҚазАзот» 48,2 мың тонна, «Қазфосфат» 23 мың тонна тыңайтқыш жеткізеді. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы қоймаларда 25 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы. Минералды тыңайтқыштардың қолжетімділігін арттыру үшін облыстық бюджеттен 9,5 млрд теңге қаралып, 134 мың тонна тыңайтқышты субсидиялау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Аванстық субсидиялау тетігі бойынша өтінім қабылдау басталды.
▪️Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 36,8 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге 8,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 7,2 млрд теңгеге 321 жоба қаржыландырылды. Қосымша 15 млрд теңгеге екінші траншқа өтінім берілді, қаржы бөлінгеннен кейін тауар өндірушілерді несиелеу жалғасады.
▪️162 мың гектар мақта алқабын сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін 30 пайыздық сақтандыру қорын есептегенде 4,7 мың тонна мақта шиті қажет. Қазіргі таңда жергілікті тұқым шаруашылықтарында 1,6 мың тонна жоғары репродукциялық шит дайын, қосымша 3,1 мың тонна трейдерлік компаниялар мен мақта зауыттары арқылы импортталады. Биылдан бастап мақта шитін субсидиялау нормативтері 1,5-2 есеге ұлғайтылып, отандық және шетелдік тұқымдарға бөлек норматив белгіленді. Бұл жергілікті тұқым шаруашылықтарын қолдауды күшейтеді.
▪️Облыста көктемгі дала жұмыстарына 37,4 мың бірлік техника дайын. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 16 мың трактор, 3 мың соқа, 1 мың қопсытқыш, 4 мың дәнсепкіш және 14 мың тырма бар. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде өткен жылы 1 872 техника сатып алынып, жаңарту үлесі 9,2 пайызға жетті. Биыл 2029 техника сатып алу жоспарлануда. «ҚазАгроҚаржы» тарапынан 5 пайыздық жеңілдетілген лизинг бағдарламасына 19 млрд теңге бөлініп, техника паркін 10 пайызға дейін жаңартуға мүмкіндік туып отыр.
▪️Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету үшін 3,8 млрд текше метр лимит бекітілді. Облыстағы 42 су қоймасының жалпы сыйымдылығы 8,8 млрд текше метрді құрайды, қазіргі таңда оның 6,5 млрд текше метрі немесе 76 пайызы толған. Вегетациялық маусым басталғанға дейін су көлемін толық жинақтауға мүмкіндік бар.
▪️Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша республикалық жоспар 27 мың гектарды құраса, облыс мүмкіндігін ескере отырып бұл көрсеткішті 50 мың гектарға дейін жеткізу көзделуде. Қазіргі уақытта 20,5 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары енгізілу үстінде.
▪️Жалпы алғанда, өңірде көктемгі дала жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, қажетті жанар-жағармаймен, тыңайтқышпен, тұқыммен, қаржыландыру және техникамен қамтамасыз ету шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УВЕЛИЧЕНЫ ПЛОЩАДИ ПОСЕВОВ ХЛОПКА, КУКУРУЗЫ И САФЛОРА
▪️В текущем году в Туркестанской области общая площадь посевов сельскохозяйственных культур увеличится на 8 тысяч гектаров по сравнению с прошлым годом и составит 919 тысяч гектаров. Из них 536 тыс. га отведены под яровые культуры, 208 тыс. га – под озимый сев, а 175 тыс. га приходятся на многолетние травы (люцерну).
▪️Ход весенне-полевых работ был детально обсужден на совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова. Глава региона поручил руководителю профильного управления и акимам районов и городов обеспечить качественную координацию работ, отметив, что выполнение всех задач находится на строгом контроле.
📌- Утвержденные индикаторы в сфере сельского хозяйства должны быть исполнены своевременно и качественно. План работы и государственная поддержка имеются, теперь необходимо действовать интенсивно. Проводите разъяснительную работу среди аграриев по механизмам льгот и поддержки. Финансовые институты обязаны эффективно распределять средства, выделенные на полевые работы. Промывка почв должна быть завершена в срок. Также поручаю обеспечить своевременное внедрение водосберегающих технологий согласно графику, – заявил глава региона.
▪️Руководитель областного управления сельского хозяйства Файзулла Байдуллаев доложил о текущем уровне подготовки. В этом году в целях диверсификации посевов и рационального использования водных ресурсов внесен ряд изменений. Площадь хлопчатника увеличена на 17 тыс. га (до 162 тыс. га), кукурузы – на 15 тыс. га (до 55,2 тыс. га), сафлора – на 16 тыс. га (до 85,4 тыс. га). В то же время, для снижения водопотребления посевы риса сокращены на 7 тыс. га, а площади под пшеницу уменьшены на 25 тыс. га (до 216,3 тыс. га).
▪️На данный момент вспашка земель выполнена на 82%, промывка почв – на 52%. В южных районах ведется активная высадка ранних овощей и картофеля. Из запланированных 18,2 тыс. га для ранних овощей рассада высажена уже на 7 тыс. га, что позволит обеспечить внутренний рынок отечественной продукцией в ранний сезон.
▪️Для своевременного проведения весенне-полевых работ выделено 52,5 тыс. тонн льготного дизельного топлива. Определены региональные операторы. Поставки аграриям начнутся в течение пяти дней после официального утверждения отпускных цен профильными министерствами.
▪️Согласно утвержденной Министерством сельского хозяйства Дорожной карте, до конца года планируется внести 203,5 тыс. тонн минеральных удобрений. Заключены контракты с отечественными заводами. «КазАзот» поставит 48,2 тыс. тонн, «Казфосфат» – 23 тыс. тонн. Из областного бюджета выделено 9,5 млрд тенге на субсидирование 134 тыс. тонн удобрений.
▪️На финансирование полевых работ через АО «Аграрная кредитная корпорация» предусмотрено 36,8 млрд тенге. На сегодня одобрены заявки на 8,4 млрд тенге, профинансирован 321 проект на сумму 7,2 млрд тенге. На рассмотрении находятся заявки на дополнительные 15 млрд тенге в рамках второго транша, кредитование продолжится после выделения средств.
▪️Для обеспечения 162 тыс. гектаров хлопковых полей качественными семенами, с учетом 30-процентного страхового фонда, требуется 4,7 тыс. тонн семян хлопка. На сегодняшний день в местных семеноводческих хозяйствах подготовлено 1,6 тыс. тонн семян высокой репродукции, дополнительные 3,1 тыс. тонн будут импортированы через трейдерские компании и хлопкозаводы. С текущего года нормативы субсидирования семян хлопка увеличены в 1,5-2 раза, при этом установлены отдельные нормативы для отечественных и зарубежных семян. Данная мера позволит усилить поддержку местных семеноводческих хозяйств.
▪️К работам подготовлено 37,4 тыс. единиц техники. Благодаря господдержке в прошлом году закуплено 1 872 единицы техники, уровень обновления парка достиг 9,2%. В текущем году планируется приобрести еще 2 029 единиц. Через «КазАгроФинанс» выделено 19 млрд тенге на программу льготного лизинга под 5%.
▪️Лимит поливной воды на этот год утвержден в объеме 3,8 млрд кубометров. Общая наполняемость 42 водохранилищ области составляет 6,5 млрд кубометров (76% от проектной мощности), что позволяет накопить необходимый объем до начала вегетации. Область планирует перевыполнить республиканский план по внедрению водосберегающих технологий, доведя показатель до 50 тыс. га (при плане 27 тыс. га).
▪️В целом, в регионе обеспечена системная организация весенне-полевых работ, включая поэтапное снабжение ГСМ, удобрениями, семенами и техникой.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1169920?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау