2026 жылғы 29 қаңтарда санитариялық-карантиндік бақылау саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы:
«Тырысқақ. Әуе кемесі бортынан АҚИ-ға күдікті науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен кездегі санитариялық карантиндік бақылауды жүзеге асыратын СККБ маманының іс-қимыл алгоритмі».
Іс-шараға көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік бақылау мамандары қатысты.
Семинар барысында:
- тырысқақ ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері;
- әуе көлігі арқылы инфекциялық аурулардың әкеліну қаупі;
- әуе кемесі бортында АҚИ-ға күдікті науқас анықталған жағдайда СККБ мамандарының әрекет ету тәртібі;
- ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері мен шұғыл жауап беру шаралары
кеңінен талқыланды.
Семинар қатысушылары практикалық жағдайлар бойынша тәжірибе алмасып, санитариялық-карантиндік бақылауды жетілдіру бағытындағы өзекті сұрақтарға жауап алды. Мұндай іс-шаралар қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу және көліктегі санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1170389?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау