Жетісу облысында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық кіші жүйесін дайындау, сондай-ақ облыс тұрғындары мен аумақтарын су тасқыны қаупінен қорғау жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2026 жылғы 25–27 ақпан аралығында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

    Оқу-жаттығулар аясында облыстың аудандық және қалалық бөлімшелері РКШУ «Көктем–2026» жоспарына сәйкес су тасқыны қаупі бар нақты проблемалық учаскелерде практикалық іс-шараларды пысықтады.

    Жетісу облысында оқу-жаттығуларды өткізу орталығы ретінде Талдықорған қаласы айқындалды. Практикалық іс-шаралар қала аумағында, елді мекендер маңында, сондай-ақ қалаға іргелес және қалаішілік аумақтарда өткізілді.

    Оқу-жаттығулар барысында өзен арналары тазартылып, тереңдетілді, су өткізу жүйелері мен су бұру арналарының өткізу қабілеті қалпына келтірілді. Қарсы тасқын іс-шаралары қала шегінде де, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1170160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version