Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Шапағат» бөбекжай-балабақшасында «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды үйде және балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу, өрттің адам өміріне тек пайдасын тигізіп қоймай, қауіп төндіруі мүмкін екенін түсіндіру, сондай-ақ өрт қауіпті заттарды өз бетінше қолдануға болмайтыны туралы түсінік қалыптастыру. Сонымен қатар бүлдіршіндерге өрт сөндірушілерді шақыру үшін «101» нөмірін дұрыс пайдалану және есте сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мамандар терезеден құлау қаупі туралы айтып, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін де түсіндірді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1170410?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау