🔰 ТҮРКІСТАН: «АРХИМЕДИК» ЖШС-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 26 ақпан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Түркістан қаласында орналасқан «Архимедик» мектебі ЖШС-не профилактикалық бақылау жүргізді.
 
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы «Архимедив» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1171350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version