2026 жылдың басынан бастап 4 кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өңірдің 13 кәсіпорнында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуді жоспарлады.

Бүгінгі таңда 3 кәсіпорында тексерулер аяқталып, нәтижелері бойынша еңбек заңнамасының 14 бұзушылық анықталды. Бақылау субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.          

Профилактикалық бақылау еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1171523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version