Бүгін Абай облысындағы «Шүлбі ГЭС» ЖШС ұжымымен 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын Конституция жобасын түсіндіру мақсатында коалиция мүшесі Еркен Сағандықовпен бірге кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында референдумның негізгі мақсаты, оның елдің тұрақты дамуына, саяси жүйенің жаңаруына және азаматтық қоғамның нығаюына тигізетін ықпалы нақты әрі мазмұнды түрде баяндалды. Конституциядағы өзгертулердің институционалдық мәніне тоқталып, олардың тұрақты ережелерге негізделген басқару моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өттік. Бұл өзгерістер мемлекеттік институттардың жұмысын тиімді етуге және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталғанын жеткіздік.

Сонымен қатар жаңа Конституцияның 27 және 31-баптарына сәйкес әр адам еңбек етуге, кәсібін және мамандығын ерікті таңдау құқығына ие екені және еңбекті құқық және құндылық ретінде, ал жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын мемлекеттің міндеті ретінде бекітілгені келтірілді. Жұмысшының еңбекақы, еңбек жағдайлары және жұмыс берушімен қарым-қатынасы мәселелеріндегі жағдайы күшейетіні айтылды.

Станция қызметкерлері алдағы референдумға белсене қатысатындықтарын білдіріп, аталған саяси науқанның ел болашағы үшін маңыздылығын қолдайтындарын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1171450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version