Департаментте “Заң мен Тәртіп” идеологемасы мен “QURMET” бастамасы қолдау тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында облыс прокуратурасының прокурорлары, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті басшылары және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Абишев Шынгыс Жанайдарович «Қайнар» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС, «Метакон» ЖШС және басқа да өндіріс ұжымы өкілдерімен еңбек заңнамасының сақталуын, өндірістік қауіпсіздік мәселесі бойынша кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында спикерлер өндірістегі еңбек қауіпсіздігі бағытында нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндірді.

Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек дауларын алдын алу және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы заңды қарым-қатынасты сақтау мәселелері бойынша кең көлемде ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1171677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version