112 пультіне Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесіндегі көп қабатты үйде түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жоғары екінші шақырту дәрежесі бойынша оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді. Келгеннен кейін, бесінші және техникалық қабаттарды қатты түтін қамтығаны анықталды.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау жүргізіп, құтқару құрылғыларының көмегімен 8 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Өрт сөндірушілер қоқыстың жануын жедел түрде сөндірді. Құтқарылғандар 103 қызмет бригадасына берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1171655?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау