Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Орталық мұражайында Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан үлесіне арналған экспозициямен танысты. Мұражай қорында аңызға айналған Жеңіс туы да бар.
Елші атап өткендей, Рейхстагқа бірінші ту тіккендердің қатарында біздің отандасымыз Рахымжан Қошқарбаев та болды.
Өз тарапынан мұражай директоры Александр Никонов Қошқарбаевтың ерлігімен байланысты фотосуреттер мен құжаттарды тапсырды.
Соғыс жылдарының тарихи жадын сақтау және өскелең ұрпақты ерлікке деген құрмет рухында тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, екіжақты байланыстарды дамыту және бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Соңында А.Никоновқа Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай төсбелгі табысталды.
Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Орталық мұражайы – ғасырлық тарихы бар әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі. Көрмеде әртүрлі техника мен қару-жарақтың үлгілері, сарбаздар мен әскери басшылардың әскери формалары, құжаттары, марапаттары, қарулары және жеке заттары жинақталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1171611?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау