Қала аумағында тазалық талаптарын сақтамаған тұрғындарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұдайы жалғасып келеді.
Сала мамандарының рейдтік жұмысының нәтижесінде екі аудан бойынша тазалық сақтамаған 241 дерек анықталған.
Оның ішінде 190 тұрғынға ескерту жасалса, 51 нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған шаралар қала аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілді.
Осы ретте тұрғындарды қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, аулалар мен көшелердің тазалығын сақтауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1171682?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау