Өңірдегі жағдайдың ушығуына және БАӘ аумағын қоса алғанда әуе кеңістіктің жабылуына байланысты алдағы күндері қазақстандық әуе компаниялардың Таяу Шығыс елдеріне жоспарланған барлық рейстері тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты БАӘ аумағында жүрген ҚР азаматтарына өз рейстері бойынша әуе компаниялардың жаңартылған ақпаратын үнемі қадағалап отыруды, сондай-ақ алдағы аптада әуе тасымалы кестесінде ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынамыз.
Сонымен қатар, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға, әскери нысандарға жақындамауға, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және БАӘ құзыретті органдарының нұсқауларын орындауға кеңес береміз.
БАӘ әуежайларынан ұшып кете алмаған және мәжбүрлі түрде қалып қойған ҚР азаматтары үшін Елшілік пен Бас консулдық тарапынан БАӘ аумағында қауіпсіз болу және Қазақстанға оралу мәселелерін жедел үйлестіру мақсатында WhatsApp топтары құрылды:
Абу Даби үшін:
https://chat.whatsapp.com/CXdqdA3CVBEArz6UDWaXAb?mode=gi_t
Дубай және басқа Әмірліктер үшін:
https://chat.whatsapp.com/GBIQtHI8Tnp7jOGfBZa2si?mode=gi_t
Төтенше жағдайларда төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
Абу Дабидегі Елшіліктің жедел телефондары:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778
Дубайдағы ҚР Бас консулдығының жедел телефоны:
+971 50 570 1978
Абу Даби мен Дубай қалаларындағы ҚР дипломатиялық өкілдіктері жағдайды бақылауды жалғастыруда және қажет болған жағдайда азаматтарды жедел түрде ықтимал өзгерістер туралы хабардар етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1171816?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау