БҚО Полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО Полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.

Аталған заң медициналық қызметкерлерге және жедел-тергеу қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты қатаңдатуға бағытталған.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бап енгізілді. Бұл бап бойынша қылмыстың ауырлығына қарай айыппұлдан бастап ең жоғарысы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Кездесу барысында заң нормаларының қолданылу тәртібі түсіндіріліп, медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалу тетіктері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1171598?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version