2026 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мұратбек Мәдімәр Беларусь Республикасы Брест облысының Ішкі істер басқармасының бастығы, милиция генерал-майоры Олег Шуляковскиймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында М.Мәдімәр екі ел азаматтарының заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі мен Беларусь Республикасының ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Бас консул 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша Республикалық референдумның өтетіні хабарланды. Осы іс-шараны тиісті дәрежеде өткізу мақсатында М.Мәдімәр Брест облысының Ішкі істер басқармасының бастығы О.Шуляковскийден референдум өтетін күні Бас консулдықтың ғимараты аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолғабыс көрсету туралы өтініш білдірді.
Өз кезегінде, О.Шуляковский Брест өңірі дәстүрлі түрде Қазақстанмен ынтымақтастыққа ашық екенін және Брест қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығымен әрекеттестікті жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сонымен бірге, жоспарланып отырған Республикалық референдум күні Бас консулдық ғимараты маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етілетінін қуаттады.
Бас консул Қазақстан Республикасы азаматтарының облыстағы түрлі мәселелері бойынша Бас консулдықтың сауалдары уақтылы қарастырылатыны үшін өңірдің ішкі істер басқармасы басшысына алғысын білдірді.
Кездесу өзара түсіністік жағдайында өтті, тараптардың қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brest/press/news/details/1171584?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау