Облыстық және аудандық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түймекент ауылдық амбулаториясының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, денсаулық сақтау саласына қатысты бастамалардың басым бағыттары талқыланды. Коалиция мүшелері жаңа өзгерістердің ел дамуына, әлеуметтік саланың нығаюына, соның ішінде ауыл медицинасын қолдауға тигізер оң әсеріне тоқталды.
Медицина мамандары өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен жиында референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы айтылып, барша азаматтарды белсенді қатысуға шақыру үндеуі жасалды.
Ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың таңдауы – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171590?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау