Наурыз айының басында Ақтөбеге тағы 11 электробус жеткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Өңір басшысы Асхат Шахаров «Qala Trans» ЖШС автобус паркіне барып, қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Әсіресе, жуық арада қала бағыттарына шығатын жаңа электр автобустарға назар аударылды.

Автопарк директоры Ұлан Өксікбаев аймақ басшысына қоғамдық көлікті жаңарту аясында сатып алынған 26 электробусты таныстырды. Оның айтуынша, наурыз айының басында тағы 11 электробус жеткізіледі. Әрқайсысының құны – 145 млн теңге. Пайдалануға берілгеннен кейін электробустар 8а және 48 бағыттарында қатынайды. Ал бұған дейін осы бағыттарда жүрген автобустар 10, 32 және 45 бағыттарына қайта бөлінеді.

Бүгінде «Qala Trans» автопаркі – өңірдегі ірі тасымалдаушы кәсіпорындардың бірі. Мұнда 330 жүргізуші, сондай-ақ 50 әкімшілік-басқару және техникалық қызметкер еңбек етеді.

Соңғы жылдары компания даму бағытына белсенді инвестиция салып келеді. Мәселен, 2025 жылы 2,2 млрд теңге инвестиция бағытталса, оның 2 млрд теңгесі жаңа автобус паркін салуға жұмсалған. 2026 жылы тағы 5,9 млрд теңге инвестициялау жоспарланған. Оның ішінде құны 500 млн теңге құрайтын әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы бар.

Жалпы, 126 автобус – «Qala Trans» ЖШС теңгерімінде. Оның ішінде орта сыйымдылықтағы 100 Yutong маркалы автобус, аса үлкен сыйымдылықтағы 15 Golden Dragon XML маркалы автобус және 11 Yutong маркалы қала маңындағы автобус бар.

Кәсіпорын 13 қалалық және Қандыағаш, Кеңқияқ, Хромтау бағыттарындағы 3 ауданаралық маршрутқа қызмет көрсетеді.

Күн сайын желіге 104 қалалық және 8 ауданаралық автобус шығады. Сонымен қатар, резервте 14 автобус тұр. Бұл жолаушылар тасымалының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Асхат Шахаров қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды және жолаушылар тасымалы сапасын арттыруға бағытталған экологиялық шешімдерді енгізу қажеттілігін қадап айтты.

«Қоғамдық көлікті дамыту мен жаңғырту – облыс үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Біз тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайын қамтамасыз ету үшін автопаркті кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Жаңа автобустардың келуі тасымал сапасын арттырып, техниканың тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс жалғасады және тұрақты бақылауда болады», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1171786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version