2026 жылдың 15 қаңтарында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті, аудан прокуратурасы мен әкімдігінің қатысуымен Еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру мақсатында «Көксу қант зауыты» ЖШС, мен «Уыз Май Индастри»ЖШС еңбек ұжымдарында кездесу жүргізілді
Жиынға аталған кәсіпорындардың басшылары, есепшілері, кадр қызметкерлері, еңбек қауіпсіздігіне жауапты және басқа мамандары қатысты.
Қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, аудан прокуратурасының аға прокуроры Досабаев Жандос Қуатұлы, Көксу ауданы Мансап орталығының директоры Жунисов Айдын Несипбаевич, облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Дәулетұлы Еркінге сөз берілді.
Спикерлер еңбек құқығының сақталуы жөніндегі жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын түсіндірдіп, еңбек қауіпсіздігі стандарттарымен және еңбек заңнамасымен таныстырды.
Сондай-ақ барлық сұрақтарға жауап беріп, қажетті түсініктемелер мен практикалық кеңестер берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1171588?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау