ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық жұмыс берушілерге Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 2026 жылғы наурыздан бастап кадрлық есептің ашықтығын арттыруға және еңбек қатынастары саласындағы тәртіпті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа нормалары жұмыстың цифрлық форматын елемегені үшін жауапкершілікті көздейді. Кодекстің 98-бабына сәйкес еңбек шарттарын жасасу және тоқтату, сондай-ақ оларға кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді енгізу тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Жаңартылған реттеу жағдайында ақпаратты уақтылы тіркеу айыппұл санкцияларын қолдану тәуекелдерін барынша азайтудың басты құралына айналады.
Бизнестің жаңа талаптарға қолайлы бейімделуі үшін ведомство HR Enbek еңбек ресурстары порталының проактивті функционалын пайдалануды ұсынады. Платформа бұзушылықтардың алдын алатындай етіп әзірленген. Жүйе дәлсіздіктерді автоматты түрде анықтайды және жұмыс берушінің жеке кабинетіне нақты жұмыскерлер бойынша алшақтықтардың бар екендігі туралы хабарламалар жібереді. Бұл тетік деректерді жедел салыстырып тексеру және кадрлық есепті заңнамаға сәйкес келтіру үшін сигнал болып табылады.
Бұған қоса Порталда «Жұмыскерлер» бөлімінде «Жұмыскерлер бойынша алшақтықтар» интерактивті мониторинг тақтасы іске қосылды. Тақтаның дерекқор базасы ай сайынғы негізде қалыптастырылады және жұмыс берушілерге нақты уақыт режимінде еңбек шарттары бойынша мәліметтердің дұрыстығын мен міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының толықтығын бақылауға мүмкіндік береді.
Министрлік кәсіпорындардың басшылары мен кадр қызметтеріне цифрлық есептің өзектілігін алдын ала тексеруді және түзетулер заңды күшіне енгенге дейін оның заң талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуді қатаң ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1171787?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау