САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

          Кеңес барысында мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы, олардың құқықтарының сақталу деңгейі, сондай-ақ мекемелерге бару кезінде анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар жан-жақты талқыланды.

          Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына анықталған кемшіліктерді жою және мүгедектігі бар ерекше балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

          Сонымен қатар, Сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелердің болуына байланысты аталған мәселені келесі кеңес отырысында қайта қарау жөнінде шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1171575?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version