Сала өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымындағы ең ірі бағыттардың бірі болып қала береді және 598 ұйымды қамтиды, оның 517-сі – мемлекеттік.
Есепті кезеңде ауылдық мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды – 5 жаңа нысан пайдалануға беріліп, мекемелер желісінің тұрақтылығы қамтамасыз етілді.
Салада 3,3 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Кадр тапшылығын шешу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің білім беру гранттары жүзеге асырылып, жас мамандарды қолдау шаралары қарастырылған.Жылдың маңызды оқиғалары қатарында Петропавл қаласында «Мағжан орталығы» ғылыми-мәдени хабының ашылуы, «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» III халықаралық симпозиумының өткізілуі, сондай-ақ өңірлік ұжымдардың республикалық және халықаралық фестивальдердегі табысты өнер көрсетуі бар.
Облыс театрлары мен шығармашылық ұжымдары ел ішінде және шетелде өткен байқауларда Гран-при және беделді марапаттарға ие болды.Креативті индустрия қарқынды дамуда: «Qyzyljar creative center» 70 резидентті біріктірді, аудандарда креативті IT-орталықтар ашылуда, 267 іс-шара өткізіліп, 16 мыңнан астам адам қамтылды.
Архив саласында құжаттарды цифрландыру жұмыстары жалғасып, тарихи мұраның қолжетімділігі артуда.
Тіл саясаты бағытында мемлекеттік тілді меңгеру және оны қолдану аясын кеңейту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді.2026 жылы материалдық-техникалық базаны нығайту, ауқымды мәдени жобаларды іске асыру, халықаралық фестивальдер өткізу және өңірдің тарихи-мәдени мұрасын республикалық әрі халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстары жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1171808?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау