«Сталкинг» үшін Петропавл қаласының кезекті тұрғыны сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Петропавл қалалық соты бұрынғы әйелін жүйелі түрде қудалағандығы және оны ұрғаны үшін  қала тұрғыны «Р»-ға қатысты  айыптау үкімін шығарды.

Сотталған 2025 жылдың қазанынан бастап 2026 жылдың қаңтары аралығында жақындасуға салынған тыйымға қарамастан, жәбірленушінің жеке бостандығын бұзған.

Кезекті келгенінде сотталған  мас күйінде болған, жәбірленушіні ұрған. 

Сот азамат «Р»-ны кінәлі деп таныған және 25 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындаған.

Прокурордың өтінішхаты бойынша сотталғанға жәбірленушіге баруға және 1 жыл мерзімге  алкоголь ішімдіктерін пайдалануға тыйым салу түрінде ерекше талаптар анықталды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Прокуратура құқық бұзушылық профилактикасы және азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында көрсетілім сот процесін  өткізді.

Онлайн режимінде процесс есепте тұрған тұлғалар және тұлғаға қарсы қылмыс жасаған сотталғандарға көрсетілді. 

«Сталкинг» және «Қасақана дене жарақатын» келтіргендігі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз.

                                 Петропавл қаласының прокуратурасы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1171615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version