🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында «Ұлытау облысының полиция департаменті Сәтбаев қаласының полиция бөлімі» ММ-не барып, арнаулы үй-жайдың (уақытша ұстау бөлмесі) материалдық-тұрмыстық жағдайымен, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу деңгейімен танысып, ішкі тәртіп ережелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне баға берді.
Бару қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1171730?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау