АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА КЕЛГЕН ӘР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БІЛУІ ЖӘНЕ ҰСТАНУЫ ТИІС ҚАҒИДАТТАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты, оқыту бағдарламаларына қатысатын мемлекеттік қызметшілерден қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану, оқу ғимаратының ішкі тәртіп ережелерін орындау, сондай-ақ ресми әрі іскерлік мінез-құлық мәдениетінің үлгісін көрсету талап етіледі.
Сонымен қатар, тыңдаушылардың сабақтарға кешікпей, белгіленген оқу кестесіне сәйкес уақытылы қатысуы міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстарын және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың біліктілігін арттыру семинарларын әзірлеу және ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, сабақтарға дәлелді себептермен қатыспауға (растаушы құжаттарды ұсына отырып) қайта даярлау курстарында – 20%-дан аспауға, семинарларда – семинар сағаттарының жалпы санының 15%-нан аспауға рұқсат етіледі.
Аталған талаптар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тәртібін нығайтуға, қызметтік жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1171867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version