КӨКТЕМ КЕЛДІ – ЖАҢАРУДЫ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көктемнің алғашқы сенбісі тазалық пен жаңарудың жарқын үлгісіне айналды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес көктемнің алғашқы күндерінен бастап қаламызда ауқымды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде бастау алды. Игі бастама аудан көлеміндегі үлкен сенбілікке ұласып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын көрінісін көрсетті.
Атап айтқанда, қаламызға кіреберіс аумақтарды көріктендіру, ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Сенбілікке 1200-ге жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында көшелер мен ауыл ішіндегі аяқжолдар тазартылып, ирригациялық жүйелер қоқыстан аршылды. Көрнекі орындар мен қоршаулар сырланып, қоғамдық аумақтардың келбеті жаңартылды. Сонымен қатар көктемнің сәнін кіргізетін көшеттер отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге басымдық берілді.
Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, табиғатты аялауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеу. Тазалық – бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Көктемгі сенбілік – жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Бірлігіміз бекем болса, туған өлкеміз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналары сөзсіз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1171914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version