Қарақия ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері және Полиция бөлімінің басшысымен бірлесіп, өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында өндірістік объектілердің техникалық жағдайымен танысып жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы және профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты еңбек ұжымдары арасында жазатайым оқиғалардың, өндірістік жарақаттардың және кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды кеңінен түсіндіру болып табылады. Оған қоса, еңбек ұжымына өзге де қылмыстардың (есірткі, алаяқтық және ұрлық) алдын алу жөнінде және ішімдіктің кері әсері туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да еңбек құқықтарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыратын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1171856?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау