Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары,
Таяу Шығыс өңіріндегі жағдайдың шиеленісуіне және қалыптасып отырған ахуалдың дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас консулдығы сабыр сақтауға және жоғары қырағылық танытуға шақырады.
Жеке қауіпсіздік мақсатында төмендегі сақтық шараларын ұстануды ұсынамыз:
• мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және жоғары қырағылық таныту;
- жергілікті билік органдарының хабарламаларын және ресми ақпарат көздерін мұқият қадағалау;
- сақтық шарасы ретінде алдын ала жеткілікті мөлшерде ауыз су, азық-түлік және қажетті дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету;
- ұялы телефондарды үнемі зарядталған күйде ұстау және өзіңізбен бірге байланыс құралдары мен паспорттарыңызды алып жүру.
Қазақстан Республикасының Манама қаласындығы Бас Консулдық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр және қажет болған жағдайда азаматтарды жедел түрде қосымша ақпаратпен хабардар етеді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда келесі жедел байланыс нөмірлері арқылы Елшілікке хабарласуға болады:
+973 33480890
+973 36866365
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Манама қаласыдағы
Бас консулдығы
(Бахрейн Корольдігі)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-manama/press/news/details/1171863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау