Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажеттігі ескертіледі.
Осыған байланысты отандастарымызды төмендегі сақтық шараларын қатау ұстануын сұраймыз:
– адамдар көп жиналатын орындарға баруыдан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
– жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
– қажетсіз сапарларды шектеу;
– жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып жүру;
– орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігі мен консулдық мекемелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін төмендегі жедел байланыс желілері іске қосылғанын хабарлаймыз:
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):
+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші нөмірі);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);
Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (WhatsApp);
Қазақстанның Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp);
Бұл желілер арқылы ҚР азаматтары консулдық көмекке жүгініп, өздері орналасқан жер мен туындаған жағдай жөнінде хабарлай алады.
Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарауға және тек ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамыз.
Оған қоса, Иранның әуе кеңістігі жабылуы және әуе қатынастары уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан Иран-Армения, Иран-Әзербайжан, Иран-Түркия және Иран-Түрікменстан құрылық шекаралары арқылы шығу мәселесін пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1171861?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау