Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағындағы Қазақстан азаматтарына арналған хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі жағдайдың ушығуына және әуе кеңістігінің жабылуына байланысты (соның ішінде Сауд Арабиясы Корольдігі),  алдағы күндері қазақстандық әуе компанияларының Таяу Шығыс елдеріне жоспарланған барлық рейстері тоқтатылды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі мен Бас консулдығы Корольдік аумағында жүрген ҚР азаматтарына өз рейстері бойынша әуе компанияларының жаңартылған ақпаратын тұрақты түрде қадағалауды, сондай-ақ алдағы аптадағы әуе қатынасы кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Бұдан бөлек, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, әскери нысандарға жақындамау, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және Сауд Арабиясы Корольдігінің құзырлы органдарының нұсқауларын орындау қатаң түрде ұсынылады.

ҚР азаматтарына Қазақстанға оралу үшін баламалы әуе рейстерін пайдалану ұсынылады. 

Ұшып кете алмаған және Сауд Арабиясы Корольдігінің әуежайларында мәжбүрлі түрде қалып қойған ҚР азаматтары үшін ҚР Елшілігі мен Бас консулдығы сіздердің Корольдікте қауіпсіз болуыңыз және Қазақстанға оралуыңызға байланысты мәселелерді жедел үйлестіру мақсатында WhatsApp топ құрды.

https://chat.whatsapp.com/JoSSzyyadmjGaDYmY2Te5C 

Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

 Рияд қаласындағы Елшіліктің жедел байланыс телефондары:
+966556630177

+966556780411

Жидда қаласындағы ҚР Бас консулдығының жедел байланыс телефондары:

+966505473698

+966580660820

+966503010464

ҚР-ның Рияд және Жидда қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда және қажет болған жағдайда азаматтарды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1171865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version