27 ақпан-1 наурыз 2026 жыл аралығында Инцель қаласында (Германия ) жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден Әлем чемпионаты өтті.
Тартысқа толы додада жасөспірім қыздар арасындағы командалық спринтте Қазақстан құрамасы сенсациялық нәтиже көрсетіп, І орынды иеленіп, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды!
Құрама сапында:
– Беловодова А. (Абай облысы)
– Глухова В. (СҚО)
– Шумекова К. (СҚО)
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының спортшысы Беловодова Анастасия Қазақстан Республикасы құрамасы сапында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды!
Бұл – қажырлы еңбектің, табандылықтың және нағыз чемпиондық рухтың жеңісі!
Абай облысының атын әлемге танытқан спортшымызды және бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!
Алда бұдан да биік белестер күтеміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1172105?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау