АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Нұрсейітов су үнемдеу технологияларын енгізу және егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Аудан әкімі Арман Романұлы ауыл әкімдері мен жауапты сала басшыларына су үнемдеу технологияларын жоспарға сәйкес толық әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар, ылғалсүйгіш дақылдарды азайтып, су аз қажет ететін дақылдарға көшу мақсатында шаруаларға түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
Жүгері алқаптарын ұлғайту бағытында агроқұрылымдармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, бекітілген межеге қол жеткізу жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Мәжілісте аудан басшысы жауапты сала мамандарынан Қоссейіт ауылдық округіндегі газ тарту жұмыстары, Шардара қаласының ауыз су ішкі жүйелері, Тама ауыз су торабының құрылысы, канализация жағдайы, көктемгі ағаш отырғызу, шағын өндірістік аймақ және Сүткент ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысы туралы мәлімет тыңдады. Құрылыс нысандарын тұрақты бақылауға алып, олардың сапалы әрі мерзімінде атқарылуын қадағалауды қатаң тапсырды.
Сонымен қатар, аудан аумағында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарының да басты назарда екенін атап өтіп, санитарлық талаптардың сақталуын және елді мекендердің көркеюін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Аудандық ішкі саясат бөліміне ауданның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу жүктелді. Әсіресе, жастар арасында нашақорлықтың, суицидтің, вандализмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды қатаң тапсырды және әр бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуді міндеттеді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1173039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version