2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауыл кәсіпкері Байділдаев Еркін «Күріш түю, жем шығару» бағыты бойынша 2,5 пайыз жеңілдетілген мөлшерлемемен 2 млн теңге несие алып, кәсібін табысты жүзеге асыруда.
Бүгінде кәсіпкер ай сайын 2000 тонна күріш және 1500 тонна жем өндіру арқылы аудан және ауылдық округтегі дүкендерді сапалы өніммен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр.
Бұл – мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл кәсіпкерлігінің дамып, жергілікті өндірістің өркендеп келе жатқандығының нақты көрінісі. Бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар ауыл экономикасын нығайтып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-arandy/press/news/details/1173026?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау