Қаламызда «Жайық Арена» спорт кешенінде креативті жастармен кездесу өтті.
БҚО-да «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері креативті жастармен кездесті. Делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді.
Кездесуде Конституция жобасындағы жастарға қатысты маңызды нормалар талқыланды: білім алу құқығы, ғылыми шығармашылық еркіндігі, зияткерлік меншік қорғалуы, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау.
Әр дауыс – ел болашағы үшін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1173043?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау