• Құрметті түркістандықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – тар заманда татулықты ту етіп, қазақ жеріне келген жандарға құшағын айқара ашып, барымен бөліскен халқымыздың дархан көңілін ұлықтайтын мереке. Бүгінде бұл мереке қазақстандықтарды бірлік пен татулыққа, өзара құрмет пен ризашылыққа үндейтін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күнге айналды.
Біз тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Осы жолда еліміздің, Түркістан облысының өсіп-өркендеуіне, тұрақтылығы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген әрбір азаматқа айтар алғысымыз шексіз. Ерен еңбектеріңіздің арқасында өңіріміз көркейіп, жаңа белестерді бағындыруда.
Әр шаңыраққа амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Бірлігіміз бекем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Ізгі ниетпен,
Н. КӨШЕРОВ
Түркістан облысының әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1172218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version