Бүгін, 27 ақпан күні Сырым ауданына “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін” жалпыұлттық коалициясының мүшелері жұмыс сапарымен келді.
Іс-сапар барысында алғашқы кездесу Шолақаңқаты ауылдық округінде өтті. Басқосуда конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы референдумның маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Одан соң кездесу аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. “Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін”жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің жымпитылықтармен кездесуі өтті. Маңызды басқосуда ел дамуының өзекті мәселесі-Конституциялық реформаның мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Кездесуді Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева жүргізіп, жиынның күн тәртібімен таныстырды. Ол Ата Заңның ел болашағы үшін стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті.
Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Конституциялық жоба жөніндегі комиссияның жетінші отырысында сөйлеген сөзіне ерекше назар аударылды. Онда Ата Заңның декларативті құжат емес, нақты мемлекеттік құндылықтар мен қоғамдық келісімді бекітетін басты құқықтық негіз ретінде орнығатыны айтылғаны тілге тиек етілді.
Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Сырым ауданының Құрметті азаматы Баянбек Ғұмаров буын өкілдерін елдік бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырды. Ал “Ляззат” жеке кәсіпкерлігінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова Конституция жобасы бір-екі күннің жемісі емес екенін, уақыт сұранысы мен қоғам қажеттілігі туындатқан маңызды құжат екенін атап өтті.
Коалиция мүшесі, “KazBatysService” ЖШС директоры Нұрлан Рақымжанов өз сөзінде:
-Конституция бізге де, келер ұрпаққа да адал қызмет ететін берік құқықтық тұғыр болсын, – деген тілегін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1172450?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау