ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен арнайы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні мерекесі қарсаңында 1-30 наурыз аралығында Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқармалары мен бөлімдері Ашық есік күндерін өткізеді. Сондай-ақ, облыстағы оқу орындарында интерактивті сабақтар, жарыстар, дәрістер мен сұхбаттар өткізілетін болады. Жалпы биылғы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты – экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жоюға азаматтық қорғау органдары мен халықтың дайындығын арттыру. Аумақтардың тұрақты әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық тәуекелдерді басқару мәдениетін қалыптастыру» – деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРЕДДВЕРИИ ВСЕМИРНОГО ДНЯ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ БУДУТ ОРГАНИЗОВАНЫ МАСШТАБНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ
В Туркестанской области в рамках Всемирного Дня гражданской обороны проводятся специальные мероприятия под девизом «Управление экологическими рисками для устойчивого и безопасного будущего». Об этом на брифинге с представителями СМИ сообщил руководитель Управления гражданской обороны ДЧС Туркестанской области Оразгельды Дуйсен.
“В преддверии празднования Всемирного Дня гражданской обороны с 1 по 30 марта управлениями и отделами Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области проводятся Дни открытых дверей. Также в учебных заведениях области будут проводиться интерактивные занятия, соревнования, лекции и интервью. В целом, цель мероприятий, посвященных Всемирному дню гражданской обороны в этом году – повышение готовности органов гражданской защиты и населения к предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций экологического характера. Формирование культуры управления экологическими рисками в целях обеспечения устойчивого и безопасного развития территорий», – сказал спикер.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1172824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау