Айдана Асылбекова – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жоспарлау және жедел басқару орталығы өрт байланысы орталық пункті диспетчері. Ол азаматтық қорғау саласында 9 жылдан астам уақыт адал қызмет атқарып келеді. Оның міндетіне төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдау және жедел өңдеу, бөлімшелерді шұғыл бағыттау, сондай-ақ жедел қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру кіреді. Айдана жағдайды нақты бағалап, қажетті күштер мен құралдар санын айқындайды және әрбір шақыртуға жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Кәсібилігі, жинақылығы және жоғары жауапкершілігі оған санаулы минуттар ішінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, барлық қызметтердің үйлесімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1172833?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау