2026 жылға арналған жоспар: облыста ветеринариялық қауіпсіздік – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 6 млрд. 512 млн. теңге қаражат бөлінді.
 
Аталған қаражат эпизоотияға қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу, бруцеллез ауруына шалдыққан жануарларды санитарлық союға тасымалдау, санитарлық союға тапсырылған мал иелеріне өтемақы төлеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларын сатып алу, ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қарастырылған.
 
2026 жылға жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар:
12 аса қауіпті ауруға қарсы 11,9 млн. астам жануарды вакцинациялау;
12 аса қауіпті ауру бойынша 2,4 млн. астам қан сынамаларын зерттеу;
энзоотиялық ауруларға қарсы 73,5 мың бас МІҚ өңдеу;
1,1 млн. дана ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларын сатып алу;
329,9 мың бас МІҚ, 476,2 мың бас ҰМҚ, 64,5мың бас жылқы, 315 бас түйе және 13,9 мың бас шошқаны бірдейлендіру;
3 ветеринариялық станция, 31 ветеринариялық пункт және 40 мал қорымының құрылысын жүргізу.
 
Бұл шаралар өңірдегі эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға, жануарлар ауруларының алдын алуға және ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1173618?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version