Азаматтық қорғау органдары жүйесінде ерекше төзімділік пен жауапкершілікті талап ететін мамандар бар. Солардың бірі — Жамбыл облысы ТЖД Өрт байланыс орталық пунктінің диспетчері Көбеева Жадыра Ерболқызы Ол қызмет жолын 2008 жылы Б. Момышұлы атындағы 28/237 әскери бөлімінде бастап, 2017 жылға дейін абыроймен еңбек етті. Дәл осы кезеңде оның тәртіптілігі, төзімділігі мен кәсіби қасиеттері қалыптасып, кейінгі қызметіне берік негіз болды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Жадыра Ерболқызы Жамбыл облысының азаматтық қорғау жүйесінде қызметін жалғастырып келеді. Оның дауысы алаңдатқан қоңырауларды алғаш қабылдайды, ал жедел қабылданған шешімдері төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Ол — көпбалалы ана және азаматтық қорғау органдарында қызмет ететін жұбайының сенімді тірегі. Қызмет пен отбасын үйлестіре білген Көбеева Жадыра Ерболқызы мамандығына адалдық пен отбасылық құндылықтардың жарқын үлгісі болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1173697?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау