Аймақта мемлекеттік қызметті жетілдіру бағыттары қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытындағы талқылаулар жалғасуда.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер арасында адамға бағытталған сервистік үлгідегі аппарат қалыптастыру, қызметтік қарым-қатынас мәдениетін арттыру және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері кеңінен қарастырылды.
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған жиынға облыстық дін істері, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау, Цифрлық технологиялар басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған адамға бағдарланған сервистік аппарат құрудың негізгі тетіктері сөз болды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің гибридтік моделінің басты қағидалары түсіндіріліп, уәкілетті орган тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
 Шара аясында мемлекеттік қызметшілердің өзара және азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру, ішкі ұйымдық мәдениетті нығайту, әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидаларын қалыптастыру мәселелері де талқыланды. Бұдан бөлек, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы арқылы мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері мен жеке сектордан білікті мамандарды тарту жолдары сөз болды.
 Жиын соңында қатысушылар өңірде тиімді, ашық әрі қоғам сеніміне ие мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін бірлесе әрекет етудің маңызын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1174066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version