Алмалы ауданында «Таза ауа аймағы» жобасын іске асыру жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Экология басқармасының қызметкерлері «Eco Almaty» ЖШС-мен бірлесіп шағын және орта бизнес нысандарын — ең алдымен моншалар мен кәуапханаларды аралап тексеруде. Бүгінгі күнге дейін мамандар шамамен 70-ке жуық нысанды қамтыды.
Рейдтердің негізгі мақсаты — түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Орындарда тазарту сүзгілерінің бар-жоғы тексеріліп, анықталған кемшіліктер тіркеліп, кәсіпкерлерге кеңес беріледі. Мұндай шаралардың мақсаты — бизнестің жаңа экологиялық стандарттарға бейімделуіне қолдау көрсету.
Еске салайық, Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жаңа Қағидалары 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мәслихат шешімімен бекітілген.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1173185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version