Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелерді қарады. Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым, жер қатынастары, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бойынша өтініштерін жеткізді. Барлық мәселе бақылауға алынып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Көше жарығы жанбай жатқан ауылдық көшелер бойынша жолдар бөлімі ақауды қалпына келтіру үшін тексеру жүргізеді. Жыл сайынғы сауықтыру орталығына жолдама алу мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетеді.
Тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұраған азаматқа «Мансап» орталығы бос жұмыс орындары мен қайта даярлау курстарын ұсынады.
III топтағы мүгедекті ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыру мәселесі заң аясында шешіледі.
Учаскелік жер шекараларының сәйкессіздігі, суармалы жерге қатысты мемлекеттік актінің қайталануы, балабақша аумағы мен жер дауы бойынша тексеру жүргізіледі.
Әр өтініш иесіне заң аясында түсіндіру жүргізіліп, жауапты бөлімдерге нақты мерзімдер берілді. Тұрғындардың өтініштері кезең-кезеңімен шешіліп, тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1173487?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау