Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда аталған тақырып аясында Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыста алғашқылардың бірі болып дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Шараға Батыс Қазақстан облысының Цифрлық технологиялар басқармасы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (КАЗИИТУ), «Batys Hub» орталығының өкілдері, ҚазИИТУ ғылыми білім кешенінің құрылтайшысы, Республикалық «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің БҚО филиалы төрағасы Ақсерік Сарыұлы,М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және«Дубна» университетінің профессоры Кибальников Сергей Владимирович, «ECOJER»
ғылыми зерттеу институтының директоры Дәурен Қуанышқалиұлы, «Әділдік және өркендеу» РҚБ БҚО бойынша төрайымы Әлия Өтемісқызы, қоғам белсенділері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Цифрландыру мен жасанды интеллект – қазіргі заманның ең маңызды әрі ықпалды үрдістерінің бірі. Дегенмен, цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы белгілі бір жауапкершілікті талап етеді. Осы бағытта жиын қатысушылары цифрландыру мен жасанды интеллектті қоғамның барлық саласына тиімді енгізу, мемлекеттік басқаруды цифрландыру, білім беру, медицина, экономика және басқа да секторларда технологиялық дамуды жеделдету мәселелерін талқылады. Өз ұсыныстарымен бөлісіп, пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1173505?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау